«Алаштың ардақтысы»

⚜️Қазақтың ұлы аудармашысы, публицист Әлихан Бөкейханов — 160 жыл

⚜️Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында №21 Д.Пахомов атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушылары және зейнеткер оқырман К.Шаяхметтің қатысуымен «Алаштың ардақтысы» атты тәрбие сағаты өтті.

⚜️ Мақсаты: Алаш қозғалысының қайраткері Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдық саяси қызметін таныстыру, ұлт тәуелсіздігі жолындағы күрестің мәнін ұғындыру, Алаш қозғалысының тарихы маңызын түсіндіру. #ЖуалыОКЖ

 

              

«Алаш көшбасшысы»

⚜️Қазақтың ұлы аудармашысы, публицист Әлихан Бөкейханов — 160 жыл

⚜️Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында «Алаш көшбасшысы» атты тәрбие сағаты өтті.

⚜️Мақсаты: Алаш қозғалысының қайраткері Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдық саяси қызметін таныстыру, ұлт тәуелсіздігі жолындағы күрестің мәнін ұғындыру, Алаш қозғалысының тарихы маңызын түсіндіру #ЖуалыОКЖ

 

«Заманының белді ғалымы, аудармашы»

⚜️Қазақтың ұлы аудармашысы, публицист Әлихан Бөкейханов — 160 жыл

⚜️Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында «Заманының белді ғалымы, аудармашы» атты кітап көрмесі өтті .

⚜️Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қызыметін таныстыру, оқуға, білімге, адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау. #ЖуалыОКЖ

 

“Алғыс айту — ізгіліктің бастауы”

⚜️1 НАУРЫЗ — АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

⚜️Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасында “Жас қалам” қызығушылық клубының мүшелерінің қатысуымен “Алғыс айту — ізгіліктің бастауы” атты тәрбие сағаты өтті.

⚜️Мақсаты: Оқушыларға туған жерге, елге, ата-анаға, ұстаздарға және бір-бірімізге алғыс айту арқылы қоғамда сыйластық пен ынтымақты нығайту маңыздылығын түсіндіру. #ЖуалыОКЖ

 

                                 

«Мәуелі бәйтерек»

🔰Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев — 95 жыл

🔰Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасында

атты бейнетүсірілімді назарларыңызға ұсынады.

🔰Мақсаты: Қазақ поэзиясының хантәңірі атанған ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ақындық талантын шәкірт бойына ұялату, ақын өлеңдері арқылы Отанға, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, отаншылдыққа тәрбиелеу.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  #ЖуалыОКЖ

 

“Туған елге мың алғыс”

⚜️1 НАУРЫЗ — АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

⚜️Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық кітапханасында №5 М.Ломоносов атындағы орта мектебінің 2-сынып оқушыларының қатысуымен “Туған елге мың алғыс” атты ізгілік сағаты өтті.

⚜️Мақсаты: Оқушыларға туған жерге, елге, ата-анаға, ұстаздарға және бір-бірімізге алғыс айту арқылы қоғамда сыйластық пен ынтымақты нығайту маңыздылығын түсіндіру.

 

                   

«Алғыс айту парызымыз»

⚜️1 НАУРЫЗ — АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ
⚜️Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Алғыс айту парызымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
⚜️Мақсаты: Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен мен кішіге деген сүйіспеншіліктерін, сыпайылық қарым-қатынасын қалыптастыру, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

«Махаббат мүсіншісі»

⚜️Жазушы Бексұлтан Нұржекеев 85 жаста

⚜️Жуалы ауданы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы З.Тұрғанбаева «Махаббат мүсіншісі» атты әдеби шолу жасап, оқырмандарды кітап оқуға шақырады.

⚜️Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Бексұлтан Нұржекеевтің өмірі мен қызыметін таныстыру, оқуға, білімге, адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау. #ЖуалыОКЖ

 

«Денсаулық — басты байлық»

⚜️Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасында «Денсаулық — басты байлық» атты тәрбие сағаты өтті.

⚜️Мақсаты: Оқушыларға денсаулықтың адам өміріндегі ең маңызды құндылық екенін түсіндіру, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын ұғындыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. #ЖуалыОКЖ

 

         

«Жыр мен білімнің қос шыны: Ыбырай мен Мұқағали»

⚜️«ОҚУҒА ҚҰШТАР ЖҮРЕКТЕР» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ.
⚜️Ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин — 185 жыл, қазақтың көрнекті ақыны, аудармашы Мұқағали Мақатаев — 95 жылдығына арналған «Оқуға құшатар жүректер» облыстық байқауының аудандық кезеңі Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Жыр мен білімнің қос шыны: Ыбырай мен Мұқағали» тақырыбында мәдениет үйінде өтті.
⚜️Байқау IІІ кезеңнен: І — кезең: «Әдебиетпен өрілген өз әлемім» — қатысушы өз әлемін, кітапқа деген сүйіспеншілігін, шығармашылық қызығушылығын әсерлі әрі мазмұнды түрде таныстыру; ІІ — кезең: «Поэзия мен парасат тұғыры» — Ыбырай Алтынсарин мен Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын орындау;
ІІІ — кезең: «Білім белесі» сұрақ-жауаптан тұрды.
⚜️ Байқауға барлығы 21 үміткер қатысып, әділқазылар шешімімен Қосбөлтек ауылдық кітапханасының оқырманы Ниетбек Аршат Тұрлыбекқызы бас жүлдеге ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды. Ал І орынды Кәріқорған ауылдық кітапханасының оқырманы Жамбылхан Ерназар Жеңісұлына иеленсе, ІІ орын Талапты ауылдық кітапханасының оқырманы Болатбек Айзере Нұрдосқызы мен Ертай ауылдық кітапханасының оқырманы Нағашбек Нұрсезім Талғатқызы, ІІІ орын Шақпакқата ауылдық кітапханасының оқырманы Өсенбай Інжу Байғалиқызы мен Бақалы ауылдық кітапханасының оқырманы Берік Айүміт Мәлікқызына бұйырды. Байқаудың басқа қатысушылары Алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтар табысталды. #ЖуалыОКЖ