«Жүректерге жол тапқан»

Жуалы аудандық орталық кітапхананың көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған бөлімінің кітапханашысы З.Тұрғанбаева кітапхананың тұрақты оқырманы О.Ғаниеваға «Жүректерге жол тапқан» тақырыбында аудио таспалар мен БНШ кітаптарын таныстырып өтті

 

                     

«Қазақтың заңғар жазушысы»

Жазушы Мұхтар Мағауин — 85 жыл

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасы №18 М.Ғабдуллин атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақтың заңғар жазушысы» атты ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Жас ұрпаққа М.Мағауиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оқырмандарға ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу.

 

                                      

 

«Туған жерін әнге қосқан”

Әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев — 85 жыл

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында «Туған жерін әнге қосқан” атты танымдық сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Ескендір Хасанғалиевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, музыкалық туындыларға деген қызығушылығын оята отырып, әнге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

 

                            

 

«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы
«Оқуға құшатар жүректер» облыстық байқауының аудандық іріктеу кезеңі
«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармакшылық мұрасын насихаттау, балалар мен жасөспірімдерді ұлттық рухани құндылықтарға баулу және отансүйгіштік сезімін нығайту мақсатында балалар мен жасөспірімдер арасында қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері: Сапарғали Бегалин — 130 жыл, Өтебай Тұрманжанов — 120 жыл, Сансызбай Сарғасқаев – 100 жыл, Асқаржан Сәрсек – 75 жылдығына арналған «Оқуға құшатар жүректер» атты облыстық шығармашылық байқауының аудандық кезеңі Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Б.Момышұлы ауылдық балалар кітапханасында өтті.
Байқау IV кезеңнен «Мен кітапхананың тұрақты оқырманымын» сайыскердің өзін-өзі таныстыру кезеңі; «Балалар әдебиетінің көрнекті ақыны мен жазушысы» ақынның өлеңін және жазушының прозасынан үзінді оқу кезеңі; «Портрет галереясы» портреттегі бейненің кім екенің табу кезеңі; «Әдеби бәйге» қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап беру кезеңінен тұрды. Байқауда қазылар алқасы бағалау кезінде үміткердің шығармаларын мәнерлеп оқу шеберлігіне, дикциясына, әртістік қабілетіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына назар аударды. Байқауға барлығы 21 үміткер қатысып, әділқазылар шешімімен Ақтөбе ауылдық кітапханасының оқырманы Адайбай Айзере Нұрәділқызы Бас жүлдеге ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды. Ал І орын Кәріқорған ауылдық кітапханасының оқырманы Чакова Кристина Александровнаға бұйырса, ІІ орын Нұрлыкент ауылдық кітапханасының оқырманы Сағындық Марлен Фархатұлы мен Б.Момышұлы ауылдық балалар кітапханасының оқырманы Дәулетбай Имантай Әбілқасымұлы иеленді. ІІІ орын Б.Момышұлы ауылдық балалар кітапханасының оқырманы Пернеқұл Әдемі Бауыржанқызы мен Қарабастау ауылдық кітапханасының оқырманы Жетпісбай Жансезім Ерболатқызына бұйырды. Байқаудың басқа қатысушылары Алғыс хаттармен марапатталды. Байқаудың барлық қатысушыларға сыйлықтар табысталды.
                          

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ — 80 ЖЫЛ

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ — 80 ЖЫЛ
Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Дәуренов Кемелбек, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасасының орынбасары Ералиев Абуғали, кітапхананың тұрақты оқырманы, зейнеткер Сарыбаев Қайрат, Ш.Мұртаза атындағы №1 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушылары,Ә.Бөкейханов атындағы №15 тірек мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Ғали Мирас, А.Байтұрсынов атындағы №13 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Өмірбай Ақторғынның қатысуымен «Ерлік елге мұра , ұрпаққа ұран» атты тарих сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарды Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктерімен таныстырып, жас ұрпақты адамгершілікке, Отансүйгіштікке баулу, патриоттық сезімдерін ояту, батырлар ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу.

Мемлекет қайраткері, жазушы Хамза ЖҮСІПБЕКОВ (1900-1938жж.)

Мемлекет қайраткері, жазушы Хамза ЖҮСІПБЕКОВ (1900-1938жж.)
Марксизм-ленинизм курсын бітірген. 1920-1922 жылдары Омбы, Ақмола губернияларында, Көкшетау уезінде жауапты қызметтер атқарған. 1922-1926 жылдары — БК(б)П Ақмола, Бөкей губерниялық комитеттерінің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, 1927-1932 жылдары — БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті бақылау комиссиясының алқа мүшесі және жауапты хатшысы, 1933-1937 жылдары — Қазақстан кәсіподақтар кеңесінің төрағасы, Қазақ АКСР әділет халық комиссары, коммуналдық шаруашылық халық комиссарының орынбасары, Марксизм-ленинизм ғылыми-зерттеу институтының қазақ бөлімшесінің аудармашысы, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының директоры қызметтерін атқарған. 1925-1937 жылдары мерзімдік баспасөзде жазушының әдеби-сын мақалалары, әңгімелері, очерктері жарияланған. «Қарсақбай» атты кітабы жарық көрді. Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» романын қазақ тіліне аударған. Хамза Жүсіпбеков 1937 жылы күзде «халық жауы» деген жалған айыппен тұтқындалып, ату жазасына кесілді.

«Терроризм — әлемге төнген қауып»

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Терроризм — әлемге төнген қауып» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік жəне діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.

 

                                 

 

 

«Түркі әлемінің ұлы ойшылы»

Түркі дүниесінің ойшылы Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнидың туғанына 1005 жыл

Жуалы ауданы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасы №34 Қаратас атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Түркі әлемінің ұлы ойшылы» атты әдеби постулат өтті.

Мақсаты: Жүсіп Баласағұнның өмір жолын, шығармашылық жетістіктерін насихаттай отырып оқырмандарды адамгершілікке, саналы білім алуға, имандылыққа тәрбиелеу.

 

                             

 

 

«Менің жақсы көретін кітаптарым»

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасында №5 Қ.Сағындықов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Менің жақсы көретін кітаптарым» атты әдеби қонақжай өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға кітаптың адам өміріндегі маңыздылығын, бар білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітапқа деген қызығушылығын ояту, кітапты ұқыпты әрі таза ұстауға баулу.

 

«Ана тілі — болашақ пен өркениеттің тілі

21 АҚПАН — АНА ТІЛІ КҮНІ
Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылдық модельді кітапханасында №17 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Ана тілі — болашақ пен өркениеттің тілі атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарды өз тіліне, туған жеріне, Отанына құрмет көрсете білуге баулу, ана тілін қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.