«Мұқағали мәңгілік жыр»

🔰Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев — 95 жыл

🔰Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасында «Мұқағали мәңгілік жыр» атты әдеби сазды кеш болып өтті.

🔰Мақсаты: Қазақ поэзиясының хантәңірі атанған ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ақындық талантын шәкірт бойына ұялату, ақын өлеңдері арқылы Отанға, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, отаншылдыққа тәрбиелеу. #ЖуалыОКЖ

 

                            

«Ана тілі — мәңгі құламайтын бәйтерек»

⚜️21 ақпан — Халықаралық Ана тілі күні

⚜️Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында №21 Д. Пахомов атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі П. Абаханованың қатысуымен «Ана тілі — мәңгі құламайтын бәйтерек» атты тәрбие сағаты болып өтті.

⚜️Мақсаты: Оқырмандардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына тілдің құндылықтарын насихаттау. #ЖуалыОКЖ

 

                    

«Мемлекеттік рәміздер- ұлттық мақтанышымыз»

⚜️Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасында мақсатты бағдарлама аясында «Жауқазын» клуб мүшелерінің қатысуымен «Мемлекеттік рәміздер- ұлттық мақтанышымыз» атты тәрбие сағаты болып өтті.

⚜️Мақсаты: Оқырмандардың Мемлекеттік Рәміздерге деген құрмет сезімдерін арттыру, мақтан тұтуға, дәріптеуге баулу, танымдарын кеңейту. Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу, ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту. #ЖуалыОКЖ

 

          

«Тіл ғылымы — тағылым»

⚜️21 ақпан — Халықаралық Ана тілі күні

⚜️Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасында Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Аташбек Әмірқұлдың қатысуымен «Тіл ғылымы — тағылым» тақырыбында ақпарат сағаты болып өтті.

⚜️Мақсаты: Оқырмандардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына тілдің құндылықтарын насихаттау.

 

«Еңбірінші бақытым — тілім менің»

⚜️21 ақпан — Халықаралық Ана тілі күні

⚜️Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасында «Еңбірінші бақытым — тілім менің» атты тіл сағаты болып өтті.

⚜️Мақсаты: Оқырмандардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына тілдің құндылықтарын насихаттау. #ЖуалыОКЖ

 

              

«Ұлы даланың алып жыршысы — Жамбыл Жабаев»

🔰Ақын Жамбыл Жабаев – 180 жыл
🔰Жуалы аудандық орталық кітапханасы мен Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының бірлесуімен «Ұлы даланың алып жыршысы — Жамбыл Жабаев» атты әдеби кеш болып өтті. Кеште №30 Көктөбе орта мектебінің 5 сынып оқушылары А.Мырзамұрат «Белсенділерге», Ж.Нұрқасым «Туған елім», №25 Ақтөбе тірек мектебінің 7 сынып оқушысы Қ.Ахмет «Қызыл әскерге», №28 Амангелді атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Ж.Молдахан «Өсиет», №28 Д.Похомов атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Қ.Сауытбек «Қыз Жібек», Т.Әкімов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Чакова Кристина «Әкеме», №8 С.Байтіков атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Ж.Әбілмансұр «Қайта келген жастық» өлеңін мәнерлеп оқыды. Аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Арайлым Біттібай «Жүз жасаған, жыр алыбы — Жамбыл Жабаев» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, оқырмандарды кітап оқуға шақырды. Аудандық орталық кітапхананың директорының орынбасары Айжан Жұманова кешке қатысқан оқушыларды Алғыс хатпен марапаттады.
🔰Мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны, жырауы Жамбыл Жабаев шығармашылығын кеңінен насихаттау, оның рухани мұрасын жас ұрпаққа таныту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу, Жамбыл мұрасы арқылы «Ұлы даланың» рухани байлығын ұғындыру және өскелең ұрпақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру.

«Тіл ұлттың жаны»

⚜️21 ақпан — Халықаралық Ана тілі күні

⚜️Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасында «Тіл ұлттың жаны» атты библиошар болып өтті.

⚜️Мақсаты: Оқырмандардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына тілдің құндылықтарын насихаттау. #ЖуалыОКЖ

 

«Тұйықта көсем болған»

⚜️Заң ғылымның докторы, профессор Салық Зиманов -105 жыл

⚜️Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасында «Тұйықта көсем болған» атты дөңгелек үстел болып өтті.

⚜️Мақсаты: Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – көрнекті заңгер-ғалым, қоғам қайраткері Салық Зиманов өмірі мен ғылыми мұрасын насихаттау, оның мемлекет пен құқық саласындағы еңбектерін жас ұрпаққа таныстыру. #ЖуалыОКЖ

 

          

“Ұлт тағдырын тұғырлаған тұлға”

⚜️Жазушы Бек Тоғысбаев — 90 жыл

⚜️Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасында №44 Бақалы бастауыш мектебінің 4 сынып оқушыларының қатысуымен “Ұлт тағдырын тұғырлаған тұлға” атты ақпарат сағаты болып өтті.

⚜️Мақсаты: Оқырмандарға жазушы, жыр алыбы Бек Тоғысбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оқуға, білімге, адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау.

 

             

«Тілім — өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем»

⚜️21 ақпан — Халықаралық Ана тілі күні

⚜️Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында «Білімді ұрпақ» қызығушылық клуб мүшелерінің қатысуымен «Тілім — өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» атты интеллектуалды ойын болып өтті.

⚜️Мақсаты: Оқырмандардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту.Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына тілдің құндылықтарын насихаттау. #ЖуалыОКЖ