“Ертегілер әлемінде”

1 маусым — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

Бала — адам өміріндегі ең үлкен бақыт. Бүгінгі бала — елдің ертеңі, болашағы, жалғасы. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары.

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында «Ашық аспан астындағы оқу залы» жобасы аясында «Бәйтерек» бөбекжай-балабақшасының бүлдіршіндерінің және оқырмандардын қатысуымен “Ертегілер әлемінде” тақырыбында ойын-сауық өтті.

Мақсаты: Балалардың жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалану, түрлі бейнелеу құралдарын меңгере отырып сурет салуға және табиғат сұлулығын көріп, сезіне білуге үйрету.

 

 

«Өнер, өмір өнеге»

 Жазушы Әнуар Әлімжанов — 95 жыл

Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасында №9 Абай атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Өнер, өмір өнеге» атты танымдық кеші өтті.

Мақсаты: Жазушы Әнуар Әлімжановтың шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

 

                      

«Өнерін өнеге еткен Нұрғиса»

Композитор Нұрғиса Тілендиев — 100 жыл

Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасында №9 Абай атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Өнерін өнеге еткен Нұрғиса» атты ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, музыкалық туындыларға деген қызығушылығын оята отырып, әнге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

 

                        

«Қазақ әдебиетінің Абайтанушысы»

Филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы — 95 жыл

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында «Мерей» қызығушылық клуб мүшелері және №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақ әдебиетінің Абайтанушысы» атты әдеби сағат өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Мекемтас Мырзахметұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.

 

                                 

«Біз бақытты балдырған»

1 маусым — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

Бала — адам өміріндегі ең үлкен бақыт. Бүгінгі бала — елдің ертеңі, болашағы, жалғасы. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары.

Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында «Ашық аспан астындағы оқу залы» жобасы аясында «Қарасаз» бөбекжай-балабақшасының «Ақбота» тобының бүлдіршіндерінің қатысуымен «Біз бақытты балдырған» атты ертеңгілік өтті.

Мақсаты: Балалардың жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалану, түрлі бейнелеу құралдарын меңгере отырып сурет салуға және табиғат сұлулығын көріп, сезіне білуге үйрету.

 

 

«Есірткісіз болашақ»

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Есірткісіз болашақ» атты сұрақ-жауап сағаты өтті.

Мақсаты:Оқырмандарға адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу.

 

                           

“Бақытты балалық шақ”

1 маусым — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

Бала — адам өміріндегі ең үлкен бақыт. Бүгінгі бала — елдің ертеңі, болашағы, жалғасы. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары.

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасында «Ашық аспан астындағы оқу залы» жобасы аясында «Бақалы» бөбекжай-балабақшасының «Ақкөгершін» тобының бүлдіршіндерінің қатысуымен “Бақытты балалық шақ” тақырыбында ойын әлемі өтті.

Мақсаты: Балалардың жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалану, түрлі бейнелеу құралдарын меңгере отырып сурет салуға және табиғат сұлулығын көріп, сезіне білуге үйрету.

 

«Болашақтың бағбаны»

Ақын, драматург Сәбит Мұқанов — 125 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасында №16 С.Сейфуллин орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Болашақтың бағбаны» атты әдеби портрет өтті.

Мақсаты: Ақын, сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы, Сәбит Мұқановтың шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

 

                                   

«Теңіз жыршысы — Әбу аңыз»

Ақын, жазушы Әбу Сәрсенбайұлы — 120 жыл 

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасында №2 Мыңбұлақ орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Теңіз жыршысы — Әбу аңыз» атты әдеби кеш өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Әбу Сәрсенбайұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

 

                                         

«Иманы берік елдің, іргесі мықты»

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында ауыл имамы Ғабит Чукенов, кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Иманы берік елдің, іргесі мықты» атты имандылық сағаты өтті.

 

Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік жəне діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.