«Қаламы қарымды қаламгер»

⚜️Жазушы Бексұлтан Нұржекеев 85 жаста

⚜️Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Қаламы қарымды қаламгер» атты ақпарат сағаты болып өтті.

⚜️Мақсаты: Оқырмандарға жазушы, жыр алыбы Бексултан Нұржекеевтің өмірі мен қызыметін таныстыру, оқуға, білімге, адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау.

 

                         

 

“Қасіретті жылдар-ел есінде”

⚜️15 ақпан — Ауған соғысы ардагерлерін еске алу күні.

⚜️Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасында Ауған соғысы ардагері Пердебай Успановтың қатысуымен “Қасіретті жылдар-ел есінде” атты кездесу кеші өтті.

⚜️Мақсаты: Жауынгер ағаларымыздың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

 

“Аудан соғысының қасіреті”

🔸Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасында “Заң және тәртіп” мақсатты бағдарлама аясында Ауған соғысының ардагері Көкеев Нұрлан Сәрсеқұлұлы мен Аналар алқасының төрайымы Тажибаева Жеміскүль Порымқызының қатысуымен “Аудан соғысының қасіреті” атты кездесу кеші өтті.

🔸Мақсаты: Ауған соғысы ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімін ояту, ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқырмандарға түсіндіру.

 

«Ауған соғысының жаңғырығы»

⚜️Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл
⚜️Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында Ауған соғысы ардагері Е.Алиибаев, Аналар алқасының төрайымы А. Омарованың қатысуымен «Ауған соғысының жаңғырығы» атты еске алу кеші өтті. Кітапханашы А.Темірбаева «Ауған соғысының ақиқаты» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
⚜️Мақсаты: Жауынгер ағаларымыздың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

«Қасіретті Ауған жері»

🔸Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасында Ауған соғысының ардагерлері Раздықов Кенжахан Пертайұлы мен Тасымбетов Хази Малдабайұлының қатысуымен «Қасіретті Ауған жері» атты кездесу кеші өтті.

🔸Мақсаты: Ауған соғысы ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімін ояту, Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқырмандарға түсіндіру.

 

                  

“ХХ ғасырдың Гомері”

⚜️ Ақын Жамбыл Жабаев — 180 жыл

⚜️Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасында №25 Ақтөбе тірек мектебінің оқушыларының қатысуымен “ХХ ғасырдың Гомері” атты Жамбыл оқулары байқауы өтті.

⚜️Мақсаты: Жамбыл Жабаев шығармаларын насихаттау, оқушылардың көркем сөз оқу қабілетін дамыту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

 

                    

“Ауғандағы азалы жолдар”

🔸Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылдық модельді кітапханасы “Ауғандағы азалы жолдар” атты ақпарат сағатын оқырман назарына ұсынды.

🔸Мақсаты: Ауған соғысы ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімін ояту, ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқырмандарға түсіндіру.

 

«Тәртіпке бағынған ер — ел қорғаны”

⚜️Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында Ауған соғысының ардагері Исаев Мелдебек Иманқұлұлы, Билікөл ауылдық әкімшілік апаратының бас маманы Ж.Әшірхан, жастар ісі жөніндегі инспектор Э.Паримбекова, мәдениет үйінін маманы С.Иманбаева, Жылыбұлақ ауылдық клуб маманы Қ.Жұмаханов, М.Өмірбаевтың қатысуымен «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында «Тәртіпке бағынған ер — ел қорғаны” атты кездесу кеші болып өтті. “Ауғанның от жалыны” атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.

⚜️Мақсаты: Патриоттық тәрбие – адамның туған жеріне, халқына, тілі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру, қауіпсіздік талаптарын сақтау талаптары мен дағдылар оқушыда тәртіпке бағыну, уақытты бағалау, өз ісіне жауапты болу сияқты қасиеттерді қалыптастыру.

 

«Тәртіп бар жерде — тұрақтылық бар»

⚜️ Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл
⚜️ Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық мәдениет үйінде Ауған ардагерлері А.Абдыиев, А.Абдикасимов, «Ақсуат» шекара бекеті сарбаздары, Ақтөбе ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманның қатысуымен қатысуымен «Тәртіп бар жерде — тұрақтылық бар» атты кездесу кеші болып өтті. Кітапханашы Н.Пакеевамен Г.Керимова «Бейбіт күнде от кешкендер» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.
⚜️ Мақсаты: Жауынгер ағаларымыздың ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

«Жастығын жалын шарпығандар»

⚜️Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасы Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай «Жастығын жалын шарпығандар» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

⚜️Мақсаты: Ауған соғысы ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімін ояту, ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқырмандарға түсіндіру.