«Әдебиет әміршісі — Мұхтар Мағауин»

«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы
Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 2025 жылы ақын жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны» ұйымдастырылуда.
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы Мұхтар Мағауиннің туғанына 85 жыл толуына орай «Әдебиет әміршісі — Мұхтар Мағауин» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Кеш барысында №7 Т.Әкімов атындағы орта мектебінің оқушылары Болатхан Нұрали, Құрманғали Ақтілек, Қалмахан Айзере, Алиханова Данеля, Чакова Крестина, Пірім Балауса жазушыға арналған өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, Жамбылхан Ерназар Мұхтар Мағауиннің «Шахан шер» романынан үзінді айтты. Жамбылхан Ерназар, Төрехан Алмас, Қуанышбай Айсұлтан, Бердіқұл Әсел, Әкімбек Інжу «Ерке сылқым», «Келіншек» күйлерін нақышына келтіріп орындады. Кітапханашы Айжан Жанабаева «Әдебиет әміршісі — Мұхтар Мағауин» атты кітап көрмесіне шолу жасап, «Тарихтан тағылым тартқан» әдістемелік құрал, «Қазақ халқының әдебиетімен қоса тарихын тереңдеткен тұлға» библиографиялық көрсеткіш, «Мұхтар Мағауин — орнықты дарын, үлкен талант» атты ауызша журналын және кітап инсталляциясымен таныстырды. Кітапхана директоры Қайсар Асилбеков қатысқан оқырмандарға алғысын білдіріп, Алғыс хаттармен марапаттады.
                                 

Ресей композиторы, дирижер Пётр Чайковский — 185 жыл

Ресей композиторы, дирижер Пётр Чайковский — 185 жыл

Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы Г.Егеубаева П.И.Чайковскийдің шығармаларына шолу жасады.

Оқырмандарға Пётр Чайковскийдің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, музыкалық туындыларға деген қызығушылығын оята отырып, әнге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

 

                            

 

 

 

 

 

«Елі ардақтаған ақын»

Ақын Қайырбек Асанов — 80 жас

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында №8 С.Бәйтіков атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Елі ардақтаған ақын» атты танымдық кеш өтті.

Мақсаты: Жас ұрпаққа Қ.Асанов өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оқырмандарға ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу.

 

                               

«Жол таптым бар қазақтың жүрегіне»

Ақын, драматург Сәбит Мұқанов — 125 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Жол таптым бар қазақтың жүрегіне» атты әдеби кеш өтті.

Мақсаты: Ақын, сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы, Сәбит Мұқановтың шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

 

                                               

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»

Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Кәрібай Олжас Батырханұлының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты маман кеңесі өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, сыбайлас-жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау жəне əділдікке тəрбиелеу.

 

                                  

«Кітап — ақылына ақы сұрамайтын қазына»

«Жамбыл облысында 2025 жыл — «Кітап оқу жылы» жобасы

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасы «Кітап — ақылына ақы сұрамайтын қазына» атты буккроссинг өтті.

Мақсаты: Кітап және оқырман арасындағы байланысты нығайтып, мәдени-рухани құндылықтарды қоғамға жан-жақты насихаттау, интеллектуалды жастарды ынталандыру.

 

                                      

«Отбасым — бақыт мекенім»

15 мамыр — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ

Отбасы — сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі.

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасында №5 Қ.Сағындықов мектебінің оқушылары және №4 Балалар өнер мектебінің ұстаздары А.Шакирбаев, Е.Шаханов, А.Толыбаевтың қатысуымен «Отбасым — бақыт мекенім» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, Отбасы-Отанның бір бөлшегі екенін ұғындыру, жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

 

 

«Мен және менің отбасым»

15 мамыр — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ

Отбасы — сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі.

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасы отбасын қолдау орталығының психолог-маманы А.Дарибаеваның қатысуымен «Мен және менің отбасым» тақырыбында отбасылық оқу өтті.

Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, Отбасы-Отанның бір бөлшегі екенін ұғындыру, жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

 

                               

«Отбасы — менің тірегім»

15 мамыр — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ

Отбасы — сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі.

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасы №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Отбасы — менің тірегім» атты ақпарат сағатын өтті.

Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, Отбасы-Отанның бір бөлшегі екенін ұғындыру, жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

 

                                               

 

«Отбасы — өмір аясы»

15 мамыр — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ

Отбасы — сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі.

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында Есалиевтер және Турдалиевтер отбасыларының қатысуымен «Отбасы — өмір аясы» тақырыбында кезесу кеші өтті.

Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, Отбасы-Отанның бір бөлшегі екенін ұғындыру, жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.