«Ел тыныштығы — заң мен тәртіпке тіреледі»

🔸Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасында ауыл әкімі Марат Жарылқасын Ысқақұлы және Ауған соғысының ардагері Елепаев Асқар Орынбекұлымен «Ел тыныштығы — заң мен тәртіпке тіреледі» атты кездесу кеші өтті.

🔸Мақсаты: Ауған соғысы ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімін ояту, ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқырмандарға түсіндіру.

 

«Ерлік — елге ұран, ұрпаққа мұра»

🔸Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасында Ауған соғысы ардагері Н.Бөлекбаев және кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ерлік — елге ұран, ұрпаққа мұра» атты кездесу кеші өтті.

🔸Мақсаты: Ауған соғысы ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімін ояту, ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқырмандарға түсіндіру.

 

«Поэзия мен айтыс қазақтың жүрегі”

⚜️Айтыскер ақын Жүрсін Ерман — 75 жаста

⚜️Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Поэзия мен айтыс қазақтың жүрегі” атты ақпарат сағаты өтті.

⚜️Мақсаты: Қазақ айтысының көрнекті өкілі, суырыпсалма ақын Жүрсін Ерманның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ұлттық айтыс өнерін насихаттау, оқырмандардың өлеңге деген қызығушылығын арттыру және рухани тәрбие беру.

                   

 

«Жақау Дәуренбеков — ұлттық рухтың үні»

⚜️ Жазушы Жақау Дәуренбеков — 80 жаста

⚜️Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасында №10 Күреңбел атындағы орта мектебінің 2 сынып оқушыларының қатысуымен «Жақау Дәуренбеков — ұлттық рухтың үні» атты әдеби понорама өтті.

⚜️Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Жақау Дәуренбековтың өмірі мен қызметін таныстыру, оқуға, білімге, адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау.

 

               

«Алаш барда — айтыс өлмейді»

 ⚜️Ақын, журналист Жүрсін Ерманов — 75 жас

⚜️Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасы №9 Абай атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Алаш барда — айтыс өлмейді» атты дөңгелек үстел өтті.

⚜️Мақсаты: Қазақтың ұлттық өнері айтыстың рухани маңызын айқындау, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау, оның Алаш идеясымен сабақтастығын көрсету және қазіргі қоғамдағы орнын талқылау.

 

                     

«Жыр алыбы — Жамбыл »

🔰 Жазушы Жамбыл Жабаев — 180 жыл

🔰Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасы №9 Абай атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Жыр алыбы — Жамбыл » атты жыр кеші өтті.

🔰Мақсаты: Оқырмандарға жазушы, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен қызметін таныстыру, оқуға, білімге, адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау.

 

                      

«Жыр дүлділі — Жамбыл»

⚜️ Жазушы Жамбыл Жабаев- 180 жыл

⚜️Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында «Жас қыран» қызығушылық клуб мүшелерінің және №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушылары мен кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Жыр дүлділі — Жамбыл» атты жыр кеші өтті.

⚜️Мақсаты: Оқырмандарға жазушы, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен қызметін таныстыру, оқуға, білімге, адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау.

 

                       

«Жыр жүйрігі-Мұқағали»

🔰Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев — 95 жыл

🔰Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасы №26 Жаңаталап орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Жыр жүйрігі-Мұқағали» атты поэзия кеші өтті.

🔰Мақсаты: Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оқырмандарға қаламгердің қазақ әдебиетіндегі орны мен еңбегін таныстыру, жас ұрпақты отансүйгіштікке, рухани құндылықтарды қадірлеуге баулу, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.

 

«Діни сауаттылық — қоғам қауіпсіздігі»

🔰Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында № 20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Діни сауаттылық — қоғам қауіпсіздігі» атты дөңгелек үстел өтті.

🔰Мақсаты: Рухани адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып, қалыптастыру. Қазақстан әлемдегі саяси тұрақтылығы бекем елдердің бірі екені туралы түсінік беру.

 

                      

«Жыр жүйрігі — Мұқағали Мақатаев»

⚜️Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев — 95 жыл

⚜️Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасы №30 Көктөбе орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Жыр жүйрігі — Мұқағали Мақатаев» атты поэзия сағатын өтті.

⚜️Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, түсіндіру, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндерін көпшілік назарына ұсыну, оқушылардың өлеңге, әнге деген ынтасын арттыру, мәнерлеп оқуға үйрете отырып, оқушылардың жан-жақты ойлануын, ізденуін дамыту.