«Кітап — сарқылмас қазына»

«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасы №25 Ақтөбе тірек мектебінің ұстаздарымен оқушыларынан құрылған «Ақтөбе», №17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің ұстаздары мен оқушыларынан құрылған «Қазына», №23 Алатау орта мектебінің ұстаздарымен оқушыларынан құрылған «Болашақ», Жастар ресурстық орталығынан құрылған «Жастар», кітапхананың тұрақты оқырмандарынан құралған “Зейін”, “Жалын” командаларының қатысуымен «Кітап — сарқылмас қазына» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырды. Ойынды Ақтөбе ауылдық кітапханасының әдіскері М.Усенбекова жүргізіп, №25 Ақтөбе тірек мектебінің 3 сынып оқушысы С.Косяков «Оқуға құштар боламын» атты әнін орындады. Қатысуышылар 5 кезең бойынша сыналып, өз білімдерін көрсетті. Кешті Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің біріңғай қорларды пайдалану бөлімінің меңгерушісі К.Таубалдиева, Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Ш.Каниева қортындылап, қатысқан командаларды марапаттады.

 

«Ұрпаққа» үлгі болған ерлік»

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл
Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасында ауған соғысының ардагерлері А.Елепаев,
Қ.Имахаев, А.Ахметов, М.Абдибековтың қатысуымен «Ұрпаққа» үлгі болған ерлік» атты кездесу кеші өтті.
Мақсаты: Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

«Алтыбақан аясында»

Халық композиторы Ыбырай Сандыбайұлының туғанына 165 жыл
Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Алтыбақан аясында» атты ақпарат сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, музыкалық туындыларға деген қызығушылығын оята отырып, әнге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
                            

«Ауған ардагерлеріне тағзым”

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында ауған соғысының ардагерлері Е.Тлеубеков, Ерғали, С.Құлтаев және №18 М.Ғабдуллин атындағы орта мектебінің 7-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Ауған ардагерлеріне тағзым” атты кездесу кеші өтті.
Мақсаты: Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
                               

«Елдің асыл тірегі — Ата Заң»

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Елдің асыл тірегі — Ата Заң» атты құқық сағаты өтті.

Мақсаты: Ата заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру, жастарымызды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.

 

                        

 

“Ауғанстан — тарих қойнауының бір парағы”

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасында ауған соғысы ардагерлері К.Раздықов, Х.Тасымбетов, Көкбастау ауылдық округінің Ақсақалдар кеңесінің төреағасы Ә.Аташбек, №16 С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Н.Дәреналы және 10 сынып оқушыларының қатысуымен “Ауғанстан — тарих қойнауының бір парағы” атты кездесу кеші өтті.
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

«Ауған асуында от кешкендер»

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында ауған соғысы ардагерлері Е.Тілеубеков, С.Құлтаевтың қатысуымен «Ауған асуында от кешкендер» тақырыбында кездесу кеші өтті.
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
                                

«Қайсар қалам қуаты»

Жазушы Сапар Байжановтың туғанына 95 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасы «Қайсар қалам қуаты» тақырыбында бейне ақпаратты назарларыңызға ұсынады.

Мақсаты: Сапар Байжановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармаларын дәріптеу, жазушының туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу. 

 

«Естен кетпес есті әндер»

Әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев — 85 жыл

Жуалы аудандық орталық кітапханасында «№1 Балалар өнер мектебі», «Топжарған» шығармашылық оқу орталығының оқушыларының қатысуымен «Естен кетпес есті әндер» атты саз кеші өтті. №1 Балалар өнер мектебінің «Өрлеу» домбыра ансамблі А.Еңсеповтің «Әке толғауы» күйін, Қ.Тілепбергенұлының «Шынаяқ» күйін тартып, Ж.Оразбай Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін, «Топжарған» шығармашылық оқу орталығының оқушысы А.Бауыржанқызы Е.Хасанғалиевтің «Анаға сәлем» әнін нақышына келтіріп орындады. №1 Балалар өнер мектебінің «Керімай» би тобы «Аққу» биін биледі. Кітапханашы А.Тәліпбек қатысқан оқырмандарға алғысын білдіріп, жас ұрпақты кітап оқуға шақырды.

Мақсаты: Оқырмандарға Ескендір Хасанғалиевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, музыкалық туындыларға деген қызығушылығын оята отырып, әнге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

 

 

«Аты әлемге мәшһүр жазушы»

Қазақ жазушысы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл

Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасында №9 Абай атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Аты әлемге мәшһүр жазушы» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармаларын дәріптеу, жазушының туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу.