БҮГІН — АҚЫН НАРША ҚАШАҒАНҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ

БҮГІН — АҚЫН НАРША ҚАШАҒАНҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, Талас ауданының Құрметті азаматы.
Нарша Қашағанұлы Жамбыл облысының Талас ауданындағы Ойық ауылында дүниеге келген.
Жамбыл облысының Байзақ, Жамбыл және Талас аудандық газеттерінде аудармашы, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, «Шапағат» ұлттық газетінің бас редакторы болып қызмет атқарған. Талас аудандық әкімдігі Тіл басқармасының бастығы, ұлт саясаты жөніндегі комитет төрағасы, аудандық мәдениет басқармасының бастығы болды.
Бірнеше аймақтық және республикалық жыр бәйгелерінің жүлдегері.
1998 жылы алғашқы «Өлеңге менің дағы бар таласым» атты жыр кітабы республикалық «Санат» баспасынан жарыққа шықты. Бұл жинаққа ақынның қазір әнші Асқар Жүнісбековтің орындауында елге кеңінен танымал болған «Хат жазып тұр» әнінің мәтіні енген.
Сазгер Әуезхан Салабеков ақынның «Хат жазып тұр», Анда-санда», «Мен енді өмірге ғашықпын», «Бақыттымыз бәріміз», «Анама» өлеңдеріне әндер жазады.
1999 жылы аталмыш баспадан «Аманатқа адалдық» (Ә.Көпбергенмен бірге) атты сыр-сұхбат кітабы жарық көрген. Одан кейінгі жылдарда әртүрлі баспалардан «Жақсылық жаса адамға», «Туған ел тұлғалары» атты кітаптары басылып шықты. Көптеген эсселері, әдеби портреттер мен мақалалары республикалық басылымдарда жарияланған.
Ақиық ақын Нарша Қашағановтың шығармашылығындағы тарихи тұлғаларға арналған жырлар – айшықты әрі ойлы шыққан. Әсіресе, Бөлтірік шешен, Есей би және Саурық батыр жайындағы жырлары, батыр Бауыржанға арнаған өлеңдері айрықша. Нарша ақын сонымен қатар Д.Қонаевпен жүздесіп, сөзін тыңдап, оған біраз жырларын арнаған.
2010 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша «Жазушы» баспасынан «Елде тұрам» атты жыр жинағы жарық көрген..
Шығармалары:
— Елде тұрам. Өлеңдер (2009 жыл);
— Жақсылық жаса адамға. Жыр кітабы (2008 жыл);
— Өлеңге менің дағы бар таласым (1998 жыл).

«Құстар біздің досымыз»

1 сәуір — Құстар күні

Жуалы ауданы Қызыларық ауылы Сұрым ауылдық модельді кітапханасы «Құстар біздің досымыз» атты ақпарат сағатын назарларыңызға ұсынады.

Мақсаты: Оқырмандарға құстар –табиғат, өмір көркі екенін, олардың тіршілігі жөнінде білім беру, жанашырлық сезімдерін ояту, құстарды қорғауға тәрбиелеу.

 

«Ел мен жердің жеңісі»

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында №26 Жаңаталап орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Ел мен жердің жеңісі» атты патриоттық сағат өтті.

Мақсаты: Оқырмандарды Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктерімен таныстырып, жас ұрпақты адамгершілікке, Отансүйгіштікке баулу, патриоттық сезімдерін ояту, батырлар ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу.

 

                             

«Өшпес ерлік»

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында «Мәңгілік естен кетпес отты жылдар» атты тәрбие сағаты өтті. Кітапханашы Г.Жұмаханова «Өшпес ерлік» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Мақсаты: Оқырмандарды Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктерімен таныстырып, жас ұрпақты адамгершілікке, Отансүйгіштікке баулу, патриоттық сезімдерін ояту, батырлар ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу.

 

«Кітаппен жарқын әлемге»

 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні
 Жуалы ауданы Жетітөбе ауылыдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасы №21 Д.Пахомов атындағы орта мектебінің 3 сынып оқушылары және сынып жетекшісі Г.Примбетованың қатысуымен «Кітаппен жарқын әлемге» атты ертеңгілік өтті.
📚Мақсаты: Бүлдіршіндерді ғажайып ертегі әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру, оларды білімділікке, мейірімділікке, ізгілікке, адалдыққа тәрбиелеу, түрлі-түсті безендірілген кітаптармен таныстыру.
                             

Композитор Нұрғиса Тілендиев — 100 жыл

Композитор Нұрғиса Тілендиев — 100 жыл

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Алатаудай асқақ өнерпаз” атты әдеби-музыкалық композиция өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, музыкалық туындыларға деген қызығушылығын оята отырып, әнге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

 

“Құстар біздің досымыз”

1 сәуір — Құстар күні

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасы “Құстар біздің досымыз” атты ақпаратты назарларыңызға ұсынады.

Мақсаты: Оқырмандарға құстар –табиғат, өмір көркі екенін, олардың тіршілігі жөнінде білім беру, жанашырлық сезімдерін ояту, құстарды қорғауға тәрбиелеу.

 

«Жапыраққа жазылған жыр»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Қошқарата ауылының тумасы ақын, журналист Бауыржан Үсеновтың туғанына 65 жыл толуына орай Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында №7 Т.Әкімов атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Жапыраққа жазылған жыр» атты таным сағаты өтті.
Мақсаты: Ақын, журналист Бауыржан Үсеновтың өмірі мен өнегелі істерін ұрпаққа насихаттау, құрмет сезімін білдіру, Отаншылдыққа баулу, халқымыздың атадан балаға жалғасқан ерлік дәстүрінің мәнін түсіндіру, әдебиеттерді насихаттау.
                        

«Құйылып түскен құйма алтын — Тұманбай Молдағалиев…»

Ақын Тұманбай Молдағалиев — 90 жыл

Жуалы аудандық орталық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімі «Құйылып түскен құйма алтын — Тұманбай Молдағалиев…» атты библиофэйсті назарларыңызға ұсынады.

Мақсаты: Ақын, сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы, Тұманбай Молдағалиевтің шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

 

 

«Жүрегі жырдан жаралған»

Ақын Тұманбай Молдағалиев — 90 жыл

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасы «Жүрегі жырдан жаралған» атты ақпаратты назарларыңызға ұсынады.

Мақсаты: Ақын, сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы, Тұманбай Молдағалиевтің шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.