«Ерліктің, еркіндіктің туы — Абылай»

Қазақ хандығының көрнекті билеушісі, мемлекет қайраткері Абылай хан — 315 жыл

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында «Жас қыран» қызығушылық клуб мүшелері және №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Ерліктің, еркіндіктің туы — Абылай» атты тарих кеш өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Абылай хан өмір тарихын, қазақ әдебиеті мен тарихында алатын орны туралы, шешендік өнері туралы мағлұмат беріп, білімділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

 

                               

«Тарих және Тәуелсіздік»

Желтоқсан оқиғасына 40 жыл

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Тарих және Тәуелсіздік» атты кітап көрмесіне шолу өтті.

Мақсаты: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын таныту, тәуелсіздік жолында құрбан болған жастардың ерлігін дәріптеу. Оқырмандардың тарихи санасын қалыптастыру, ел тәуелсіздігінің қадір-қасиетін ұғындыру, отансүйгіштікке, ұлттық рух пен азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.

 

                      

«Ғарышқа сапар»

Ұшқыш-ғарышкер, мемлекет қайраткері Талғат Мұсабаев — 75 жыл

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек баьыр ауылдық кітапханасы №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен «Ғарышқа сапар» атты ақпарат сағаты өтті.

Ұшқыш-ғарышкер, мемлекет қайраткері Талғат Мұсабаевтың өмірі мен еңбегін таныстыру, оның Қазақстан ғылымы мен ғарыш саласына қосқан үлесін насихаттау. Оқушылардың ғарыш әлеміне деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке, ел мақтаныштарын құрметтеуге тәрбиелеу, ғылыми білімге ұмтылысын қалыптастыру

 

                           

“Еліміздің еркіндігі — Тәуелсіздік”

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ  35  ЖЫЛ
 Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапаханасында №18 М Ғабдуллин атындағы орта мектебінің 5-6 сынып оқушыларының қатысуымен “Еліміздің еркіндігі — Тәуелсіздік” тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырылды.
 Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы терең мағлұмат беру, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ел тарихын құрметтеуге тәрбиелеу және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
                                  

«Тұғыры биік жазушы»

Жазушы, драматург Медеу Сәрсекеев — 90 жыл

Жуалы аудандық орталық кітапханасы «Тұғыры биік жазушы» атты ақпаратты назарларыңызға ұсынады.

Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург Медеу Сәрсекеевтің өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оқырмандарға қаламгердің қазақ әдебиетіндегі орны мен еңбегін таныстыру, жас ұрпақты отансүйгіштікке, рухани құндылықтарды қадірлеуге баулу, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.

 

«Ақпараттық технология заман талабы»

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында кітапхана мамандарының ұйымдастыруымен «Ақпараттық технология заман талабы» атты талқылау сағаты өтті.

Мақсаты: Ақпараттық технологиялардың қазіргі қоғамдағы маңызы мен мүмкіндіктері туралы түсінік беру, цифрлық сауаттылықты арттыру, заманауи технологияларды тиімді және қауіпсіз қолдануға үйрету, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру және білім алуға деген қызығушылықты дамыту.

 

                          

 

 

«Бірлікті сақтаған билерім»

Қазақтың биі Бәйдібек би Қарашаұлы — 670 жыл
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Е.Жарылқасынұлы және 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Бірлікті сақтаған билерім» атты тарих сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Бәйдібек бидің өмір тарихын, қазақ әдебиеті мен тарихында алатын орны туралы, шешендік өнері туралы мағлұмат беріп, білімділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

“Іс-сазым жаңғырған ғалыммын, ұстазбын — мәңгілік тәлімім”

Ақын, жазушы Әдібай Табылды — 100 жыл

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасы “Іс-сазым жаңғырған ғалыммын, ұстазбын — мәңгілік тәлімім” атты бейнетүсірілімді оқырман назарына ұсынады.

 

«Тәкен Әлімқұлов және қазақ прозасы»

”БІР ЕЛ — БІР КІТАП” акциясы 2025 жыл

Тәкен Әлімқұлов- ақын, жазушы, әдебиет сыншысы

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасында «Тәкен Әлімқұлов және қазақ прозасы» атты әдеби портрет өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Тәкен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармаларын дәріптеу, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу.

 

                       

«Бауыржан Момышұлы — жауынгердің тұлғасы»

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері Құрманбек Сағындықовтың туғанына — 115 жыл
Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасы «Бауыржан Момышұлы — жауынгердің тұлғасы» атты тарих сағаты өтті.
Мақсаты: Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Құрманбек Сағындықовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беру, тарихи тұлғаның ел мәдениеті мен руханиятына қосқан үлесін насихаттау, оқушылардың бойында отансүйгіштік пен елжандылық қасиеттерін қалыптастыру.