«ЕЛ БОЛЫП ОҚИМЫЗ» акциясы
Өкім Жайлауов — Қазақтың белгілі қаламгері, талантты ақын
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында №8 Сүгірбай Байтіков атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Шартараптан шарапат» атты поэзия кеші өтті. Кеш барысында Базарбай Аяла «Шарапат», Сатылған Мирас «Тәуелсіздік тұғыры», Қален Інжу «Алматы-Астанам», Әмірбек Маржан «Жамбылым», Әбдіқожа Алдияр «Туған өңірде» атты жазушының өлеңдерін мәнерлеп оқып, Жарылқасын Әбілсансұр «Балалық шаққа саяхат», Арыстанбек Айсұлтан «Саржайлау» әндерін нақышына келтіріп орындады. Кітапханашы Сайлаукүл Оразходжаева «Таллантты ақын» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.








