



Ақын, жазушы, қоғам, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында №26 Жаңаталап орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Қазақ әдебиетінің ақ сұңқары» атты әдеби сағат өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова 95 жаста
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасы «Өнерім — өмірім» атты ақпаратты оқырман назарына ұсынады.
Мақсаты: Оқырмандарға Б.Төлегенованың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, әні арқылы жас ұрпақты әсемдікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасы Билікөл ауылдық округінің бас маманы Әшірхан Жақсыбек Жамбылбекұлы, №3 Қарымбай Қошмамабетов атындағы орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ділдаханова Сәуле Еркінқызы, 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық індет» атты түсіндірме сағатын ұйымдастырды.
Мақсаты: Оқырмандарға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, сыбайлас-жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау жəне əділдікке тəрбиелеу.

Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты әдеби кеш өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Әбіш Кекілбаев туралы ақпарат беру, шығармаларына деген сезімдерін қалыптастыру, патриоттық сезімін ояту, ерлікке, елін жерін сүюге, Отанын қорғауға және Ұлт намысын қорғаған батырларды құрметтеу мен ұлықтауға тәрбиелеу.

