«Қанатты қаламгер»

Жазушы, қоғам қайраткері Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасында №22 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Қанатты қаламгер» атты таным сағаты өтті.

Мақсаты: Қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Б.Майлиннің шығармаларын оқырмандарға насихаттау, өмір жолын таныстыру.

 

                      

 

 

«Сиқырлы алты нүкте»

Жуалы аудандық орталық кітапхананың көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған бөлімінің кітапханашысы Замира Тұрғанбаева кітапхананың тұрақты оқырманы Тәттігүл Сағымбекованың қатысуымен «Сиқырлы алты нүкте» атты Брайль машинасы бойынша оқу ұйымдастырды.

 

                       

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!»

16 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық мәдениет үйінде аудандық «Желтоқсан оқиғасы» ұйымының төрағасы, Жуалы аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Тлеубеков Ерғали Өтемісұлы, №1 өнер мектебінің директоры Мұратаев Қанат Жарасұлы, Қошқарата ауылдық округінің әкімі Телеушов Мейіржан Бегасылұлы, Қошқарата ауылдық Аналар алқасының төрайымы Тәжібаева Жеміскүл Порымқызы, Қошқарата ауылдық Қоғамдастықтың төрағасы Шыршықбаев Жорабек Оразбекұлының қатысуымен «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты кездесу кеші өтті. Кітапханашы Ұлжан Көкеева «Тәуелсіз елім менің» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.

Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.

 

                       

 

 

«Публицист, жазушы»

«Кітап — қазына» жобасы

Жуалы ауданы Қошқарата, Рысбек батыр ауылдық кітапханаларының ұйымдастыруымен Жуалы ауданы Қошқарата ауылының тумасы жазушы, журналист Талғат Айтбайұлының 70 жасқа толуына орай «Публицист, жазушы» атты әдеби қонақжай өтті. Кеш барысында Қошқарата ауылдық кітапханасының маманы Арай Асанбек жазушының өмір жолы мен шығармашылығын слайд арқылы таныстырып өтті. №20 Жамбыл атындағы орта мектебі оқушылары Балым Жылқыбай, Інжу Амантай, Іңкәр Төлебай, Еңлік Нұрланқызы, Асылай Ұзақбай «Желтоқсан» кітабынан үзінді оқып, №9 Абай атындағы орта мектебі оқушылары Шұғыла Махай «Желтоқсан» монологын оқып, «Қазақ қызы» атты ән орындады. Айару андасбек, Балнұр Андасбек, Сезім Тасқұл, Нұрсая Елтай «Қамажай» биін биледі. Кітапханашы Ұлжан Көкеева «Жазушының жалынды ғұмыры» атты кітап көрмесіне шолу жасап, «Талғат Айтбайұлы публицист жазушы» атты әдістемелік-библиографиялық құрал, «Қыран қазақ» атты библиографиялық көрсеткіш, кітапхана қызметкерлері дайындаған «Талғат Айтбайұлы 70 жас» атты кітап инсталляциясын тамашалады. Кешті Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің біріңғай қорларды пайдалану және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Күләш Таубалдиева қортындылап, қатысқан оқырмандарды Алғыс хатпен марапаттады.

 

                                 

 

 

«Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік»

16 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық мәдениет үйінде Боралдай ауылдық округінің ақсақалдар алқасының төрағасы Байболов Мақсатбек, әкелер алқасының төрағасы Сейділдаев Ниязбек, Аудандық «Желтоқсан оқиғасы» ұйымының төрағасы, Жуалы аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Тлеубеков Ерғали Өтемісұлы, №1 өнер мектебінің директоры Мұратаев Қанат Жарасұлының қатысуымен «Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік» атты кездесу кеші өтті. Кітапханашы Сайлаукүл Оразходжаева «Тәуелсіз елім менің» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.

Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.

 

                         

«Жыр саулаған жүрек»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Қошқарата ауылының тумасы ақын, журналист Бауыржан Үсеновтың өмір жолымен шығармашылығын оқырмандарға үлгі ету мақсатында Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында №20 Жамбыл атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Жыр саулаған жүрек» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Ақын, журналист Бауыржан Үсеновтың өмірі мен өнегелі істерін ұрпаққа насихаттау, құрмет сезімін білдіру, Отаншылдыққа баулу, халқымыздың атадан балаға жалғасқан ерлік дәстүрінің мән- түсіндіру, әдебиеттерді насихаттау.

 

                                 

Тәуелсіздік мәңгілік ел мұраты»

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық мәдениет үйінде желтоқсаншылар, Жуалы аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Ерғали Тілеубеков, Жуалы аудандық №1 Балалар өнер мектебінің директоры Қанат Мұратаевтың қатысуымен «Тәуелсіздік мәңгілік ел мұраты» атты кездесу кеші өтті. Кітапханашы Гүлфира Жанысбекова «Тәуелсіздік жаршысы-желтоқсаншылар” атты кітап көрмесін ұйымдастырып, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.

Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.

 

                                   

«Бала құқығын қорғау ортақ міндет»

Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасы №10 Күреңбел орта мектебінің социологы Г.Сайманова, 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Бала құқығын қорғау ортақ міндет» атты насихаттау сағаты өтті.

Мақсаты: Адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінікті кеңейту, әрбір адамға өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбиені насихаттау.

 

 

                           

 

«Ақын болып тумағанда не етер ем»

Қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ақын болып тумағанда не етер ем» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармаларын дәріптеу, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу және поэзияны сүюге, түсіне білуге дағдыландыру.

 

                       

«Қайырымдылық жылы жүректен»

Жуалы аудандық орталық кітапхананың көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған бөлімінің кітапханашысы Замира Тұрғанбаева «Қайырымдылық жылы жүректен» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Акция барысында зейнеткер, кітапхананың тұрақты оқырманы Қайрат Сарыбаевқа азық-түлік апарып, мерзімді басылым беттерімен таныстырды.