«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»

Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасы №10 Күреңбел орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты ақпарат сағаты өтті. Кітапхана әдіскері М.Сәдірмек «Сыбайлас жемқорлық — қоғам дерті» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Мақсаты: Оқырмандарға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, сыбайлас-жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау жəне əділдікке тəрбиелеу.

 

                   

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, сыбайлас-жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау жəне əділдікке тəрбиелеу.

 

                          

«Майдангер жазушы — Бауыржан Момышұлы»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Көлбастау ауылының тумасы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында №21 Дмитрий Пахомов атындағы орта мектебінің 3-4 сынып оқушылары және сынып жетекшісі Кемелбекова Эльмираның қатысуымен «Майдангер жазушы — Бауыржан Момышұлы» атты әдеби кеш өтті.

Мақсаты: Аңызға айналған даңқты қаһарманы туралы мағұлмат беру, батырдың азаматтық, ерлік істерін айту,шығармалары және қанатты сөздерімен таныстыру, жастардың бойына патриоттық сезім қалыптастырып, Отанды сүюге тәрбиелеу, батырдың биік тарихи тұлғасын тереңірек тану, оның өнегелі өмірін, ерлігін бүгінгі ұрпаққа кеңінен үлгі ету.

 

                          

«Ар намысты Бауыржан»

Ақын, журналист Бауыржан Үсенов — 65 жыл
«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ар намысты Бауыржан» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Ақын, журналист Бауыржан Үсеновтың өмірі мен өнегелі істерін ұрпаққа насихаттау, құрмет сезімін білдіру, Отаншылдыққа баулу, халқымыздың атадан балаға жалғасқан ерлік дәстүрінің мәнін түсіндіру, әдебиеттерді насихаттау.
                   

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз»

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, сыбайлас-жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау жəне əділдікке тəрбиелеу.

 

                      

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚАЗАҚСТАН

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚАЗАҚСТАН

Бүгінде сыбайлас жемқорлық мәселесі барлық әлемді алаңдатып отырған аса өзекті мәселелердің бірі. Сыбайлас жемқорлықпен күресу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері қазіргі таңда саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдерге ортақ. Сыбайлас жемқорлық — заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

 

 

«Қазақтың дара тұлғасы»

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері Құрманбек Сағындықовтың туғанына – 115 жыл
Жуалы аудандық орталық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімі «Қазақтың дара тұлғасы» тақырыбында онлайн библиографиялық көрсеткішті назарларыңызға ұсынады.
Мақсаты: Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Құрманбек Сағындықовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беру, тарихи тұлғаның ел мәдениеті мен руханиятына қосқан үлесін насихаттау, оқушылардың бойында отансүйгіштік пен елжандылық қасиеттерін қалыптастыру.

 

«Баукең — әлем халқының ортақ перзенті»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Көлбастау ауылының тумасы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында №8 Сүгірбай Байтіков атындағы орта мектебінің 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Баукең — әлем халқының ортақ перзенті» атты әдеби постулат өтті.

Мақсаты: Аңызға айналған даңқты қаһарманы туралы мағұлмат беру, батырдың азаматтық, ерлік істерін айту,шығармалары және қанатты сөздерімен таныстыру, жастардың бойына патриоттық сезім қалыптастырып, Отанды сүюге тәрбиелеу, батырдың биік тарихи тұлғасын тереңірек тану, оның өнегелі өмірін, ерлігін бүгінгі ұрпаққа кеңінен үлгі ету.

 

                    

 

«Туған жерін жырлаған — Ескендір Хасанғалиев”

Әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев — 85 жыл

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында №21 Дмитрий Пахомов атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Туған жерін жырлаған — Ескендір Хасанғалиев” атты әдеби вернисаж өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Ескендір Хасанғалиевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, музыкалық туындыларға деген қызығушылығын оята отырып, әнге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

 

 

 

«Қазақтың бір туар ақыны”

Ақын Тұманбай Молдағалиев — 90 жыл

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Қазақтың бір туар ақыны” атты ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Ақын, сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы, Тұманбай Молдағалиевтің шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.