


Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында «Тұрыс баба» мешітінің имамы Ә.Сметов, кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Дін тәрбиенің рухани тірегі» атты имандылық сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға діни тәрбие бере отырып адамгершілік, ізеттілік, имандылық құндылықтарын бойға сіңіру, жалпы дін туралы ұғым түсініктерін кеңейтіп, ислам діні, имандылық туралы жастардың көзқарастарын дұрыс қалыптастыру


«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Көлбастау ауылының тумасы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасы №21 Д.Пахомов атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Бауыржан Момышұлы — майдангер жазушы» атты әдеби кеш өтті.
Мақсаты: Аңызға айналған даңқты қаһарманы туралы мағұлмат беру, батырдың азаматтық, ерлік істерін айту,шығармалары және қанатты сөздерімен таныстыру, жастардың бойына патриоттық сезім қалыптастырып, Отанды сүюге тәрбиелеу, батырдың биік тарихи тұлғасын тереңірек тану, оның өнегелі өмірін, ерлігін бүгінгі ұрпаққа кеңінен үлгі ету.

Батыр, қолбасшы Ақтамберді Сарыұлы — 350 жыл
Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасы №2 Мыңбұлақ орта мектебінің 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Бабалар жолы — сара жол» тақырыбында тұлғатану өтті.
Мақсаты: Оқушыларға қолбасшы Ақтамберді Сарыұлы жайында мәлімет беру, ұлтжандылық сезімдерін оятып, Отаншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА — 560 ЖЫЛ
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасы №18 М.Ғабдуллин атындағы орта мектебінің 4-5 сынып оқушыларының қатысуымен «Тарих- ғасырлар куәсі» тақырыбында сайыс кеші өтті.
Мақсаты: Жас ұрпаққа қазақ хандығының құрылғанына 560 жыл толуына орай жалпы ақпарат беру, қазақ хандары, билері және батырлары жайында түсініктерін кеңейту, өз елін сүюге, қастерлеуге, қорғауға тәрбиелеу.

Жазушы Мұхтар Мағауиннің туғанына 85 жыл
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасы №11 Т.Тастандиев атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Қазақ әдебиетінің құлагері» тақырыбында әдеби шолу өтті.
Мақсаты: Жас ұрпаққа М.Мағауиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оқырмандарға ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу
