«Балалар әдебиетінің бәйтерегі»

Жазушы Сапарғали Бегалин — 130 жыл

Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасы №2 Мыңбұлақ орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты танымдық кеш өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға балалар жазушысы Сапарғали Бегалин туралы мағлұмат бере отырып, оның өлеңдерімен шығармашылықтарын таныстырып, адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

 

                 

«Марк Твен — өткір сөз шебері»

Америкалық жазушы, публицист Марк Твен — 190 жыл

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық кітапханасы «Марк Твен — өткір сөз шебері» атты ақпаратты назарларыңызға ұсынады.

Мақсаты: Кітапхана оқырмандарын Марк Твеннің шығармашылығымен таныстыру.

 

«Сөз зергері — Қалихан Ысқақ»

Жазушы Қалихан Ысқақ — 90 жыл 

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Сөз зергері — Қалихан Ысқақ» атты поэзия сағаты өтті.

Мақсаты: Жас ұрпаққа Қалихан Ысқақтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оқырмандарға ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу.

 

                     

«Балалар әдебиетінің бәйтерегі»

Жазушы Сапарғали Бегалин — 130 жыл

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Шыңбұлақ ауылдық кітапханасында «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға балалар жазушысы Сапарғали Бегалин туралы мағлұмат бере отырып, оның өлеңдерімен шығармашылықтарын таныстырып, адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

 

     

 

 

«Тұла бойы тұнған өнер»

Композитор, Қазақтың халық артисі Евгений Григорьевич Брусиловский — 120 жыл.
Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасы №2 Мыңбұлақ орта мектебінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Тұла бойы тұнған өнер» атты бейнебаянды назарларыңызға ұсынады.
Мақсаты: Қазақ кәсіби музыкасының дамуына зор үлес қосқан композитор Евгений Брусиловскийдің өмірі мен шығармашылық мұрасын жастарға кеңінен таныстыру.

«Азаттықты аңсаған ұлт көсемі»

Ағартушы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлы — 140 жыл

Жуалы аудандық орталық кітапханасында №14 Б.Майлин атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Азаттықты аңсаған ұлт көсемі» атты дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ұлы тұлғаларымыз жайында мәлімет бере отырып, оқушылардың бойына шығармашылық қасиетін ұялату, кітап оқи отырып Отанға, тілге деген сүйіспеншілгін арттыру.

 

 

«Жүрегіме жақын жырлар“

«БІР ЕЛ — БІР КІТАП» акциясы 2025 жыл

Жұмекен Нәжімеденов — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері.

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық кітапханасы №3 Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Жүрегіме жақын жырлар“ атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға көрнекті ақын Ж.Нәжімеденовтың шығармаларын жыл бойына кең көлемде насихаттай отырып, көпшілік жұмыстар және кітап көрмесі арқылы оқырмандарды кітап оқуға тарту.

 

                       

«Жүрегі жырдан жаралған»

«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы
Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 2025 жылы ақын жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны» ұйымдастырылуда.
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық ақыны, Тұманбай Молдағалиевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Жүрегі жырдан жаралған» атты жыр кеші өтті. Кеш барысында №8 С.Бәйтіков атындағы орта мектебінің оқушылары М.Оспан ақынның өмірібаяны, А.Ниязбек «Қазаққа», А.Мұрат «Махамбет», Қ.Құдайберген «Отан», М.Пәшір «Қошақан», А.Өскенбай «Желтоқсан – Тәуелсіздік күні», І.Қален «Бақытты бол, қазағым», І.Шералы «Өмір маған..», Ә.Әбдіқожа «Тарыққанда табынарым – өлеңім», К.Әбдіқожа «Жеңіс күні» өлеңдерін мәнерлеп оқыса, Р.Әділбек ақынның «Шақырады көктем», К.Байділдә «Әнім сен едің», А.Арыстанбек «Саржайлау», кітапхананың тұрақты оқырманыдары Қ.Мейірбекова «Бақыт құшағында», Р.Өтегенов «Құстар әні» әндерін нақышына келтіре орындады. Кітапханашы С.Оразходжаева «Тұманбай Молдағалиев» ауызша журнал, «Жыр жүрегіндегі Тұманбай» библиографиялық көрсеткіш, «Тұманбай жыры — өшпес мұра» әдістемелік құрал, ақпараттық-жарнамалық флайер және «Құстар қайтып барады» кітап инсталляциясымен таныстырды. Кеш соңында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бірыңғай қорларды пайдалану және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі К.Таубалдиева белсене қатысқан оқырмандарға алғыс білдіріп, марапаттады.

«Шығыстың жарық жұлдызы»

Ағартушы, этнограф Шоқан Уәлиханов — 190 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Шығыстың жарық жұлдызы» атты тарихи -танымдық кеш өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ұлы тұлғаларымыз жайында мәлімет бере отырып, оқушылардың бойына шығармашылық қасиетін ұялату, кітап оқи отырып Отанға, тілге деген сүйіспеншілғін арттыру.

 

                          

 

 

“Ертегім неткен, мұратына жеткен”

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасында “Балбөбек” бөбекжай-балабақшасының “Өнерпаз” тобы бүлдіршіндерінің қатысуымен “Ертегім неткен, мұратына жеткен” атты сиқырлы ертегілер әлеміне саяхат өтті.

Мақсаты: Бүлдіршіндердің кітапқа деген қызығушылығын ояту және кітапханамен таныстыру. Қиял әлемін кеңейтіп, балалардың өнерпаздық қабілетін ашу.