«Күрделі өмірдің көркем суретін жасаған»

Сатирик, жазушы Кәрібай Ахметбекұлының туғанына 85 жыл

Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Күрделі өмірдің көркем суретін жасаған» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Сатирик-жазушы Кәрібай Ахметбекұлының өмірі мен шығармашылық жолын кеңінен таныстыру, оның сатиралық туындыларындағы күрделі өмір шындығын көркем бейнелеу ерекшеліктерін оқырмандарға насихаттау, әдебиетке қызығушылықты арттыру және жастарды ойлы оқуға, адамгершілікке, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

 

                 

«Балалар әдебиетінің бәйтерегі»

Жазушы Сапарғали Бегалин — 130 жыл

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кеш өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға балалар жазушысы Сапарғали Бегалин туралы мағлұмат бере отырып, оның өлеңдерімен шығармашылықтарын таныстырып, адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

 

                    

«Аты әлемге мәшһүр жазушы»

Қазақ жазушысы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасында «Аты әлемге мәшһүр жазушы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты: Оқырмандарға І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармаларын дәріптеу, жазушының туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу.

 

                            

«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы

«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы

Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 2025 жылы ақын жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны» ұйымдастырылуда.

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, ақын Әбу Сәрсенбайұлының туғанына 120 жыл толуына орай әдеби танымдық кеш өтті. Кеш барысында №5 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінің оқушылары М.Оразбек «Сен құрметте оны», А.Талғат «Ақ көгершін», А.Орманбай «Ақша бұлт,» Ә.Ермағанбет «Ардақта, ана тіліңді!», А.Айтан «Ескерткіш» атты өлең жолдарын мәнерлеп оқып, кітапхана әдіскері С.Манат, оқырман А.Мұхамбетжан Ә.Сәрсенбайұлының өмірбаянына шолу жасады. Кітапхана оқырманы А.Айтан «Келіншек» күйін күмбірлете тартып, А.Орынбек «Қазағым» , Р.Асқар «Билікөл», А.Мұхамбетжан, кітапханашы Г.Жұмаханова «Менің Қазақстаным» әндерін нақышына келтіріп орындады. Кітапханашы Г.Жұмаханова «Маржан таулар жырлайды» атты библиографиялық көрсеткіш, «Ақша бұлтқа айналған абыз ақын» ақпараттық-жарнамалық флайер, «Ғасыр мен ғасыр беттесе» атты кітап көрмесіне шолу жасап, «Кемедегі ақ толқын» атты кітап инсталляциясын оқырмандарға таныстырып өтті. Кешті біріңғай қорларды пайдалану және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі К.Таубалдиева қортындылап, қатысқан оқырмандарға алғысын білдірді.

 

 

 

 

 

«Алаш арысы, ұлт ұстазы»

Ағартушы, қоғам қайраткері, жазушы, ақын Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Алаш арысы, ұлт ұстазы» атты таным сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оқырмандарға ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу.

 

                            

 

 

«Балалар әдибетінің бәйтерегі»

Жазушы Сапарғали Бегалин — 130 жыл

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылдық кітапханасы «Балалар әдибетінің бәйтерегі» атты ақпаратты назарларыңызға ұсынады.

Мақсаты: Оқырмандарға балалар жазушысы Сапарғали Бегалин туралы мағлұмат бере отырып, оның өлеңдерімен шығармашылықтарын таныстырып, адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

 

 

 

«Азаттықты аңсаған ұлт көсемі»

Ағартушы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлы — 140 жыл

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында №18 Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Азаттықты аңсаған ұлт көсемі» тақырыбында әңгіме өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ұлы тұлғаларымыз жайында мәлімет бере отырып, оқушылардың бойына шығармашылық қасиетін ұялату, кітап оқи отырып Отанға, тілге деген сүйіспеншілгін арттыру.

 

        

«Алаш қайраткері — Міржақып Дулатов»

Ағартушы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлы — 140 жыл

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебінің оқушылары және мектеп кітапханашысы Мажуда Тұрсынбайқызының қатысуымен «Алаш қайраткері — Міржақып Дулатов» тақырыбында поэзия сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ұлы тұлғаларымыз жайында мәлімет бере отырып, оқушылардың бойына шығармашылық қасиетін ұялату, кітап оқи отырып Отанға, тілге деген сүйіспеншілгін арттыру.

 

 

 

«Абыройға жолдас болған азамат»

Театртанушы, педагог Ахия Шынасілұлы — 105 жыл

Жуалы ауданы Жетіттөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасы №21 Дмитрий Пахомов атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Абыройға жолдас болған азамат» тақырыбында кітаптарына шолу кеші өтті.

Мақсаты: Ахия Шынасілұлының өмірі мен еңбегін таныстыру, оқушылардың өнерге қызығушылығын арттыру және тұлғаның өнегелі жолынан үлгі беру.

 

                   

 

 

«Күз — мереке, күз — береке

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында №3 Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Күз — мереке, күз — береке атты диспут өтті.

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін таныту, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлық сезімін қалыптастыру, сондай-ақ оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, олардың пікір алмасу мәдениетін дамыту.