«Дені саудың — жаны сау»

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында «Бәйтерек» қызығушылық клубы мүшелері, Қосбөлтек ауылдық медпунктінің мейірбикесі Ә.Әзімнің қатысуымен «Дені саудың — жаны сау» атты денсаулық сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға салауатты өмір салтын насихаттау, өмірге деген құштарлығын арттыру, жақсы мен жаманды айыра біліп, зиянды әдеттерден бойын аулақ салуға дағдыландыру.