«Дін-тәрбиенің рухани тірегі»

Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде «Жуалы» мешітінің бас имамы Сейітқазы қажы Медетбекұлының қатысуымен «Дін-тәрбиенің рухани тірегі» атты имандылық сағаты өтті.

Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік жəне діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.