Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Рамазан Әбделиев, кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Діни экстремизм мен терроризм – елдігімізге сын» атты имандылық сағаты өтті.
Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік жəне діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.