1 шілде – ДОМБЫРА КҮНІ
Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті музыкалық аспабы – домбыра.
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасында «Домбыра қазағымның қазынасы» атты өнер сағаты өтті. Кітапхана оқырманы Зере Торланбай Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін орындады.
Мақсаты: Ата – бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға деген өскелең ұрпақтың қызығушылық сезімін оятып, тарих куәгеріне айналған қасиетті қара домбыраны қастерлеуге тәрбиелеу, жас өрендерді дәстүріміздің ажырамас бөлігі – дәстүрлі музыка өнеріне баулу.