«Егеменді ел қорғаны — қарулы күштер»

7 мамыр — ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Шыңбұлақ ауылдық кітапханасында №24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Егеменді ел қорғаны — қарулы күштер» атты патриоттық сағат өтті.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы, әскери өнердің өзіндік ерекшелігі туралы, егемендігімізді күзетуде олардың маңызы жайлы терең мағлұмат беру, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, патриотизм сезіміне тәрбиелеу.