Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасы «Ашық аспан астындағы оқу залы» жобасы аясында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Экология — ел тағдыры» атты экологиялық сағат өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға туған жердің тарихын білуге, қадірлеуге,қастерлеуге үйрету. Өз жерін сүюге, қорғауға үйрету. Рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерді бойына қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз ауылын, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
