12 тамыз — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІ
Асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы — ол жастар! Жастар кез-келген мемлекеттің ең белсенді мүшесі, ұлт үмітін арқалаған ел ертеңі.
Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ел болашағы — білімді жастар» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Жастардың бойына адамгершілік, имандылық тәрбие беру, ұлттық салт-санасын дамыту, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
