«Ел қорғаны – білімді ұрпақ»

7 мамыр – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында №18 Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінің педагог ұйымдастырушысы А.Жаппар, 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Ел қорғаны – білімді ұрпақ» атты патриоттық сағат өтті.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы, әскери өнердің өзіндік ерекшелігі туралы, егемендігімізді күзетуде олардың маңызы жайлы терең мағлұмат беру, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, патриотизм сезіміне тәрбиелеу.