7 мамыр – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасында Көкбастау ауылдық округінің мамандары М.Шукенов, Е.Жаманқұлов, №16 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Ел тыныштығын күзеткен» атты патриоттық сағат өтті.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы, әскери өнердің өзіндік ерекшелігі туралы, егемендігімізді күзетуде олардың маңызы жайлы терең мағлұмат беру, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, патриотизм сезіміне тәрбиелеу.