«Елімнің бақытын тербеткен — Тәуелсіздік»

16 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасы №44 Бақалы бастауыш мектебі оқушыларының қатысуымен «Елімнің бақытын тербеткен — Тәуелсіздік» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.