«Еңселі Елорда, Асқақтаған Астана»

6 ШІЛДЕ — АСТАНА КҮНІ

Астана — Ақордадан алаштың ақпаратын әлемге таратқан қасиетті мекен!

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Еңселі Елорда, Асқақтаған Астана» атты танымдық кеш өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру, деректермен білімін, жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту, Астана қаласын мақтан тұта білуге және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу.