Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл
Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округы Ақбастау ауылы №16 Жуалы колледжінде Ауған соғыс ардагерлері Е.Алибаев, М.Әбдібеков, П.Успанов, Қарасаз ауылдық Аналар алқасының төрайымы А.Омарова және №6 А.Пушкин атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Ер есімі – ел есінде» атты еске алу кеші өтті. Кітапханашы А.Темірбаева «Ұрпаққа үлгі болған ерлік» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Мақсаты: Жауынгер ағаларымыздың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

