«Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран»

7 мамыр — ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасында ГСВГ ардагерлер қоғамы бірлестігінің ардагерлері Н.Мырзахметов, Н.Жанғазиев, Қ.Мұратаев, Н.Оспанов, Ғ.Есмұрзаева, №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп гимназиясының 5 сынып оқушылары, «Нұрлы ұрпақ» бөбекжай балабақшасының «Жұлдыз» тобы бүлдіршіндерінің қатысуымен «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран» атты патриоттық сағат өтті. Кеш барысында бүлдіршіндер қонақтарға «Жаса Қазақстан» әнін орындап, «Қамажай» биін нақышына келтіріп билеп берді. №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп гимназиясының 5 сынып оқушылары «Сарбаздар» әнін орындады. ГСВГ ардагерлер қоғамы бірлестігінің ардагерлері Н.Мырзахметов, Қ.Мұратаев алғыстарын білдіріп, Н.Жанғазиев жүрекжарды өлеңін оқып берді. Кітапханашы Г.Егеубаева «Ерлік даңқы ешқашан өшпейді» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы, әскери өнердің өзіндік ерекшелігі туралы, егемендігімізді күзетуде олардың маңызы жайлы терең мағлұмат беру, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, патриотизм сезіміне тәрбиелеу.