Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық мәдениет үйінде Ауған соғысы ардагерлері Х.Тасимбетов, К.Раздыков, П.Успанов, А.Әбдіқасымов, “Ақсуат» шекара бекеті сарбаздары, №11 Т.Тастандиев атындағы орта мектебінің оқушылары және ауыл тұрғындарының қатысуымен “Ерлік – жан дүниенің ұлы қасиеті” тақырыбында кездесу кеші өтті. Бәйтерек ауылдық кітапханасының әдіскері Т.Мамырбекова “Ауған соғысының шежіресі” атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Мақсаты: Жауынгер ағаларымыздың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.