«Ерліктің, еркіндіктің туы — Абылай»

Қазақ хандығының көрнекті билеушісі, мемлекет қайраткері Абылай хан — 315 жыл

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында «Жас қыран» қызығушылық клуб мүшелері және №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Ерліктің, еркіндіктің туы — Абылай» атты тарих кеш өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Абылай хан өмір тарихын, қазақ әдебиеті мен тарихында алатын орны туралы, шешендік өнері туралы мағлұмат беріп, білімділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.