1 маусым — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ
Бала — адам өміріндегі ең үлкен бақыт. Бүгінгі бала — елдің ертеңі, болашағы, жалғасы. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары.
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында «Ашық аспан астындағы оқу залы» жобасы аясында «Бәйтерек» бөбекжай-балабақшасының бүлдіршіндерінің және оқырмандардын қатысуымен “Ертегілер әлемінде” тақырыбында ойын-сауық өтті.
Мақсаты: Балалардың жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалану, түрлі бейнелеу құралдарын меңгере отырып сурет салуға және табиғат сұлулығын көріп, сезіне білуге үйрету.