1 маусым — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ
Бала — адам өміріндегі ең үлкен бақыт. Бүгінгі бала — елдің ертеңі, болашағы, жалғасы. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары.
Жуалы аудандық орталық кітапханасы «Нұрлы ұрпақ» бөбекжай-балабақшасының «Жұлдыз», «Әсем-ай» тобының бүлдіршіндері және №15 Ә.Бөкейхан атындағы тірек мектеп-лицейінің 2 сынып оқушысы Айзере Серік, №13 А.Байтұрсынов атындағы 7 сынып оқушысы Бейбарыс Еркінбай, №1 Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының 3 сынып оқушысы Омар Мәдіханның қатысуымен «Ертегімен өсіп келем» атты мерекелік кеш өтті.
Мақсаты: Балалардың жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалану, түрлі бейнелеу құралдарын меңгере отырып сурет салуға және табиғат сұлулығын көріп, сезіне білуге үйрету.
