Жуалы аудандық орталық кітапханасында аудандық орталық аурухананың профилактика және әлеуметтік психологиялық көмек көрсету бөлімінің психолог-наркологы З.Бердиожаева, «Сенім» жастар денсаулық кабинетінің медбикесі Г.Шохатованың қатысуымен «Ертеңіңді ойласаң- есірткіге жолама» тақырыбында маман кеңесі өтті.
Мақсаты: Жасөспірімдер мен жастар арасында есірткіге қарсы көзқарас қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, психологиялық және медициналық кеңес беру арқылы есірткінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін зиянын түсіндіру.
