Әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев — 85 жыл
Жуалы аудандық орталық кітапханасында «№1 Балалар өнер мектебі», «Топжарған» шығармашылық оқу орталығының оқушыларының қатысуымен «Естен кетпес есті әндер» атты саз кеші өтті. №1 Балалар өнер мектебінің «Өрлеу» домбыра ансамблі А.Еңсеповтің «Әке толғауы» күйін, Қ.Тілепбергенұлының «Шынаяқ» күйін тартып, Ж.Оразбай Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін, «Топжарған» шығармашылық оқу орталығының оқушысы А.Бауыржанқызы Е.Хасанғалиевтің «Анаға сәлем» әнін нақышына келтіріп орындады. №1 Балалар өнер мектебінің «Керімай» би тобы «Аққу» биін биледі. Кітапханашы А.Тәліпбек қатысқан оқырмандарға алғысын білдіріп, жас ұрпақты кітап оқуға шақырды.
Мақсаты: Оқырмандарға Ескендір Хасанғалиевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, музыкалық туындыларға деген қызығушылығын оята отырып, әнге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.