«Ғасыр дертімен бірлесе күресейік»

1 желтоқсан — БҮКІЛӘЛЕМДІК СПИД-ке ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебі оқушыларның қатысуымен «Ғасыр дертімен бірлесе күресейік» атты ақыл-кеңес сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне аи‌налып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, ХХІ ғасыр дерті — қатерлі СПИД індетінен сақ болуға, бұл дертті жұқтырмаудың жолын білуге баулу.