«Ғұмыры ғибратты тұлға»

Ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлі — 90 жыл

Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ғұмыры ғибратты тұлға» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Ақын, сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы, Қадыр Мырза Әлі шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.