«Халқының тарихи санасын оятқан жазушы»

Қазақ жазушысы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылдық модельді кітапханасында №17 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Халқының тарихи санасын оятқан жазушы» атты портрет кеші өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармаларын дәріптеу, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу.