«Имандылық — ізгілік негізі»

Жуалы аудандық орталық кітапханасында Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің Жуалы ауданы бойынша теолог маманы Р.Абделиев және «Жастар ресурстық орталығы» жастармен жұмыс жөніндегі заңгер-маман Н.Ахметов, кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен «Имандылық — ізгілік негізі» атты имандылық сағаты өтті. Шара барысында Р.Абделиев оқырмандардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беріп, ақыл-кеңесін айтты.
Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, ауыл тұрғындарына қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыру