Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасында Жамбыл облысы әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығының Жуалы ауданы бойынша инспекторы Р.Абделиев және кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Имандылық жарасады ұл-қызға» атты имандылық сағаты өтті.
Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, ауыл тұрғындарына қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыру.
