«Ішімдік жанды, тағдырды өмірден адастырады»

Жуалы ауданы, Көкбастау ауылдық округіне қарасты Теріс ауылдық кітапханасында №16 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің медбикесі Ақнұр Мамбеталиеваның және 9-сынып оқушыларының қатысуымен «Ішімдік жанды, тағдырды өмірден адастырады» атты памфлет кеші өтті.
Мақсаты: Оқушыларға ішімдік пен темекінің адам ағзасына зиянды әсерін ғылыми деректер мен нақты мысалдар арқылы түсіндіру. Сонымен қатар, зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстайтын, салауатты өмір салтын ұстанатын, білімді де тәрбиелі, парасатты тұлға тәрбиелеуге ықпал ету.