Археолог, тарих ғылымдарының докторы Карл Байпақов — 85 жыл
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасы №21 Дмитрий Пахомов атындағы орта мектебінің 3 сынып оқушыларының қатысуымен «Карл Байпақов — археолог сардары» атты танымдық сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Қазақстанның көрнекті ғалымы, археолог, академик Карл Байпақовтың өмірі мен ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру, оның Қазақстан археологиясы мен тарих ғылымына қосқан зор үлесін таныту; жас ұрпақтың туған жер тарихына, мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке, ғылым мен білімге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
