«Кітап — ең сенімді ақылшың»

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні

Жуалы ауданы Қызыларық ауылыдық округі Сұрым ауылдық модельді кітапханасында №17 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің 1 сынып оқушылары және сынып жетекшісі Қ.Айтбаеваның қатысуымен «Кітап — ең сенімді ақылшың» атты кітапханаға саяхат өтті.

Мақсаты: Жас ұрпақтың ғажайып ертегі әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру, оларды білімділікке, мейірімділікке, ізгілікке, адалдыққа тәрбиелеу, түрлі-түсті безендірілген кітаптармен таныстыру.