«Кітап — қазына, кітап — тарих»

«100 кітап» жалпы ұлттық сауалнамасын насихаттау
Жуалы аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен қазақстандық жазушылардың шығармаларын насихаттау, отандық ақын-жазушылардың ең танымал 100 кітабын анықтауға атсалысу, болашақ ұрпақтың кітап оқуға құштарлығын арттыру мақсатында «Кітап — қазына, кітап — тарих» тақырыбында Жуалы аудандық зиялы қауым өкілдерімен кездесу болып өтті. Кеш барысында Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы — Сейітхан Жұмашев, ауданының ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары — Ералиев Абуғали, аудандық әкелер кеңесінің төрағасы — Нұрғабылов Нуридин қатысып бүгінгі күні жүргізіліп жатқан сауалнама жайлы өз пікірлерімен бөлісіп, өскелең ұрпаққа, жастарға, қандай кітаптарды оқуға кеңес беріп, құндылықтарымызды көрсету құралы екендігін, рухани өсу мен өмірлік ұстанымдарға жол сілтеген туындылар туралы айтып өтті. Шара барысында қызу пікірталас өрбіді.
Айта кетсек сауалнама 3 ай бойы жалғасып, сауалнама нәтижелері 10 тамыз – Абай күніне орай жарияланады, бұл күні Абай күнін атап өтумен бірге, оқуға деген қызығушылықты арттыруға және ұлттық әдебиетті дамытуға деген жаңа қадам болады.