«Кітап – сарқылмас қазына»

«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасы №25 Ақтөбе тірек мектебінің ұстаздарымен оқушыларынан құрылған «Ақтөбе», №17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің ұстаздары мен оқушыларынан құрылған «Қазына», №23 Алатау орта мектебінің ұстаздарымен оқушыларынан құрылған «Болашақ», Жастар ресурстық орталығынан құрылған «Жастар», кітапхананың тұрақты оқырмандарынан құралған “Зейін”, “Жалын” командаларының қатысуымен «Кітап – сарқылмас қазына» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырды. Ойынды Ақтөбе ауылдық кітапханасының әдіскері М.Усенбекова жүргізіп, №25 Ақтөбе тірек мектебінің 3 сынып оқушысы С.Косяков «Оқуға құштар боламын» атты әнін орындады. Қатысуышылар 5 кезең бойынша сыналып, өз білімдерін көрсетті. Кешті Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің біріңғай қорларды пайдалану бөлімінің меңгерушісі К.Таубалдиева, Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Ш.Каниева қортындылап, қатысқан командаларды марапаттады.