«Кітап — сарқылмас рухани әлем»

«Жамбыл облысында 2025 жыл — «Кітап оқу жылы» жобасы

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасы №21 Д.Пахомов атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушылары және сынып жетекшісі А.Лебаеваның қатысуымен «Кітап — сарқылмас рухани әлем» тақырыбында кітап оқып жарысу кеші өтті.

Мақсаты: Кітап және оқырман арасындағы байланысты нығайтып, мәдени-рухани құндылықтарды қоғамға жан-жақты насихаттау, интеллектуалды жастарды ынталандыру.