«Конституция — әділет пен парасат жолы»

Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл

Жуалы аудандық орталық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Конституция — әділет пен парасат жолы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс шараны балалар кітапханасының оқырмандары Айсана Аманғали, Айсұлтан Ғали, Бисұлтан Ғали, Мансұр Пернеқұл, Айғаным Дәулетбай «Конституцияға арнау» өлеңімен бастап, №15 Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектеп-лицейінің 2 сынып оқушысы Мансұр Пернеқұл «Қазақстаным» әнін орындады. №15 Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектеп-лицейінің оқушылары Фариза Болат, Адина Болат, Әдемі Пернеқұл, Мирас Ғали «Тәуелсіз Қазақстаным» атты өлең жолдарын мәнерлеп оқып берді. Кітапханашы Қ.Телибаева оқырмандарға викториналық сұрақ-жауап кезеңін ұйымдастырып, Мирас Ғали «Жаным қазақ» әнін нақышына келтіріп орындады. Балалар кітапханасының кітапханашысы Гүлнұр Егеубаева «Ата Заңым ардағым» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарды кітап оқуға шақырды. Кешті кітапхана директорының орынбасары Айжан Әбділқызы қортындылап, қатысқан оқырмандарға алғысын білдірді.

Мақсаты: Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру, жастарымызды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.