Сатирик, жазушы Кәрібай Ахметбекұлының туғанына 85 жыл
Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Күрделі өмірдің көркем суретін жасаған» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Сатирик-жазушы Кәрібай Ахметбекұлының өмірі мен шығармашылық жолын кеңінен таныстыру, оның сатиралық туындыларындағы күрделі өмір шындығын көркем бейнелеу ерекшеліктерін оқырмандарға насихаттау, әдебиетке қызығушылықты арттыру және жастарды ойлы оқуға, адамгершілікке, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
