«Жамбыл облысында 2025 жыл — “Кітап оқу жылы” жобасы
Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 2025 жылы ақын жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында “15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны” ұйымдастырылуда.
Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен ақын, жазушы, журналист Бауыржан Үсеновтың туғанына 65 жыл толуына орай “Маңдайыма жазылған мәңгілігім” атты поэзия кеші өтті. Кеш барысында №9 Абай атындағы орта мектебінің 8-10 сынып оқушылары Шымырбек Олжас “Қара машина”, Махай Шұғыла “Жапырақ жайлы бір өлең”, Серік Инабат “Көктем мен күз” өлеңдерін оқып, Елемес Нұрай, Андасбек Ұлданай, Дәулетжан Мерей ақынның естеліктерімен бөлісті. Қойшыбай Аружан, Бақыт Мунира лирикалық өлеңдерін мәнерлеп оқыса, Миябек Ерлік, Білалұлы Санжар, Сатымхан Азиз, Баймен Асылхан ақынның желтоқсан оқиғасының құрбаны Қайрат Рұсқылбеков пен тергеуші арасындағы диалогты көрініс ретінде көрермендерге паш етті. Рахымберді Жадыра “Атамекен” әнін нақышына келтіріп орындады. Кітапханашы Көкеева Ұлжан “Жырдан көрінген жүрек” атты кітап көрмесіне шолу жасап, әдістемелік құралмен таныстырды. Әдіскер Асанбек Арайлым “Ақын деген өлмейді жыр аманда” атты кітап инсталляциясымен таныстырды. Кеш соңында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бірыңғай қорларды пайдалану және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Күләш Таубалдиева қатысқан оқырмандарға алғысын білдіріп, марапаттады.
